Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осындай айырым белгісіне қарап Дон Кихот мұнда жиналған жұрттың бақырауық селодан екенін аңғарды және бұл жорамалын Санчоға айтып, байрақта не жазылғанын түсіндірді. Оған қоса, Дон Кихот аталмыш оқиға жайында өзіне баян еткен шаруа есек құсап ақырған екі рехидор деп, шамасы, қателескен болуы керек, өйткені байрақтағы өлеңде бұлар алькальдтар делінген, дегенді қосып қойды. Санчо Панса бұған былай деп жауап қатты:

— Сеньор! Бұған айрықша мән берудің қажеті жоқ. Сол кезде есекше ақырған рехидорлардың уақыт өте келе алькальдқа айналуы әбден мүмкін ғой, ендеше оларды олай да, бұлай да атай беруге болады; оның үстіне, аталмыш оқиғаның ақиқат орын алуы — алькальдтың ба әлде рехидордың ба, нақтылы кімнің ақырғанына қатысты емес, мәселе — бұл екеуінің әйтеуір біреуінің шын мәнінде ақырғанында, ал алькальдқа болсын, рехидорға болсын есекше ақыруға тура келетін себеп қашан да табылады.

Тоқ етерін айтқанда, келемешке ұшыраған село өзін келеке қылған, шектен шығып кеткен, көршілік татулықты тәрк еткен басқа селомен шайқас бастағалы тұрғаны оларға әбден түсінікті болды.

Дон Кихот селолықтарға қарай тура тартып жүріп кетті, бұған Санчо қатты қынжылды, өйткені мұндай қызық-шыжықтарды суқаны сүймейтін. Мұны өздерінің жақтасы ма деп ойлап қалған отряд Дон Кихотқа қақ жарылып жол берді. Дон Кихот бет бүркеуішін көтеріп, адуын әрі тас-түйін кейіпте есек кескінделген жалаудың жанына тақап келді, сол арада оны әскер басылары қоршап алды: оны алғаш көргендер қалай таңырқанатын болса, бұлар да солай таңырқанып, одан көз аудара алмай қалды. Бұлардың тілдеспей және сауал да қоймай өзіне аңтарыла қарап тұрғанын байқаған Дон Кихот осы үнсіздікті пайдалана қойғанды жөн көрді, сөйтіп бірінші боп өзі тіл қатып, қатты дауыспен былай деп сөйлеп кетті:

— Мархабатты мырзалар! Өздеріңе арнағалы тұрған сөзімді, қашан ол әбден жалықтырып, іш пыстырып жібергенше бөлмеуді айрықша өтініп сұраймын. Егер жалықтыра бастаса, онда сіздердің тарапыңыздан болмашы ғана белгі берілген бойда аузымды жауып, тілімді тістей қоям.

Жұрттың бәрі оған сөйлеуіне болатынын, оны ықыласпен тыңдайтынын жария етті. Рұқсат алғаннан кейін Дон Кихот сөзін жалғады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий