Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо осыны айтып тұрған шақта өзі жануарларды байлап жатқан және бұларды сиқыршылардың қорғауы мен қамқорлығына қалдырып бара жатқанына жаны қатты күйзелумен болған. Дон Кихот оған жануарлар қараусыз қалып бара жатыр-ау деп қайғырмауы керегін ескертіп, өздерін осынша лонгинквальдық өңірге кім аттандырса, жануарларға да сол қам жасайтынын айтты.

— Логикальдық дегеннің не екенін түсінбедім, — деді Санчо, — ондай сөзді өмірі естімеппін.

— Лонгинквальдық деген сөз — жырақ деген мағына береді, — деп ұғындырды Дон Кихот. — Мұны түсінбегеніңе таңданатын дәнеңе жоқ: сен латынды білуге міндетті емессің; ал оны білем деп өңештейтін, ал шын мәнінде одан түк түсінігі жоқ жандар қанша.

— Жарайды, байладым, — деп мәлім етті Санчо, — Енді не істейміз?

— Не істейміз дейсің бе? — деді Дон Кихот. — Шоқынамыз да, зәкірді босатамыз, яғни қайыққа отырамыз да, жағаға бекітілген жібін кесіп жібереміз.

Осыны айтып ол қайыққа қарғып мінді, Санчо да сөйтті, одан соң жіп кесілді де, қайық жағадан жайлап жырақтай бастады; оның жағадан шамамен екі шынтақтай алыстағанын көрген кезде қашып құтыла алмайтын қасіретке тап болатынын сезгендей Санчоның тұла бойы түгел қалтырап қоя берді, бірақ есектің ақырғаны мен Росинанттың байлаудан босанбаққа тырысып тынымсыз жұлқынып жатқанын көргенде қайғысы одан бетер үдеп кетті, сол арада ол мырзасына былай деді:

— Есек бізді ойлап қамыққаннан ақырды, ал Росинант соңымыздан тұра шабу үшін босап шықпаққа жанталасып жатыр. Сабыр сақтаңдар, сүйікті достар! Ішім сезіп отыр, сендерді қалдырып кетудің шын мәніндегі есалаңдық болғанын көп ұзамай-ақ түсінерміз, ақылға келерміз және өздеріңе қайтып оралармыз!

Осыны айтып отырып оның егіл-тегіл еңірегені сонша, ызасы келіп, қатты ашуланған Дон Кихот оған былай деді:

— Неден қорқасың-ей сен, қоянжүрек сорлы? Не жайында жылап отырсың сен, жүрегі мал майындай ылжыраған сүмелек? Біреу сені шам алып іздеп жүр ме, біреу соңыңнан қуып келе ме? Қарын қамынан басқаны білмейтін пақыр, саған не жетпейді осы, молшылықта малтып жүрген жоқпысың? Бәлкім, сен Рифей тауын жаяу және жалаңаяқ кезіп жүрген шығарсың? Жоға, отырсың ғой міне сәкіде эрцгерцог құсап, мына сүйкімді өзеннің баяу ағысы сені жаймен ағызып әкетіп барады және көп ұзамай ашық теңізге де алып шығады. Ау, расында да, теңізге шығып кеткен сияқтымыз ғой өзі және кем дегенде жеті жүз, ол аз болса, тіпті сегіз жүз миль жүзіп өткен секілдіміз, — қолымда астролябия болса, полюстің биіктігін өлшеп жіберер едім де, қанша мильді артқа тастағанымызды саған дәлме-дәл айтып берер едім. Дей тұрғанмен, бәлкім, бұл саладан дәнеңе білмейтіндей де көрінермін, бірақ, меніңше, біз күн мен түннің теңесу белдеуінен өтіп те кеткен секілдіміз немесе енді-енді өтпек шығармыз: бұл белдеу жерді қарама-қарсы полюстерден біп-бірдей қашықтықта кесіп өтіп, оны екіге бөледі.

— Ал, сонда, өзіңіз айтқандай, күн мен түннің текетіресу белдеуіне жеткенде қанша жүріп өткен боламыз? — деп сұрады Санчо.

— Өте көп, — деп жауап қатты Дон Кихот. — Өзімізге мәлім күллі космографтың ішіндегі ең атақтысы Птолемейдің есеп-қисабына қарағанда, планетамыздағы су мен құрлықтың үсті үш жүз алпыс градусқа тең екен, ал екеуіміз әлгі белдеуге жеткенде соның қақ жартысын артта қалдырамыз.

— Апырай, не дейін сізге, құдай ақы, — деді Санчо, — кімнің сөзіне жүгініп, кіммен дос-жар боп жүргеніңізге қайранмын: қайдағы бір Дым-да-білмей ме әлде Бұтелемей ме біреу, — ал өзіңіз оны босмаңырақ деп мұқатасыз, оған қоса, егер қате түсінбеген болсам, астапралия деп кекетесіз.

Космограф Птолемей есімінің, кәсібі мен астролябия құралының атауын Санчоның осынша бұрмалағанына Дон Кихот күліп алды, сосын былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий