Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Оһо деген-ай! — деп дауыстап жіберді Санчо. — Өткен өмірімді айтып бергені үшін соқыр тиын да бермес едім! Өйткені, оны мына менен артық жақсы білетін кім бар? Сондықтан өзің жақсы білетін нәрсе жайында айтқаны үшін ақша төлеуден асқан ақымақтық болар ма. Ал егер мұнда осы шақты білетіндер болса, міне, рақым етіп ала қойыңыз екі реалымды; ал енді айтыңызшы, қане, мәртебелі маймылым, зайыбым Тереса Панса не істеп жатыр қазір, немен айналысып жатыр?

Маэсе Педро ақшаны алудан бас тартып:

— Мен алдын-ала ақы алмаймын: әуелі еңбек сіңіру керек, — деді.

Сөйтті де, оң қолымен сол жақ иығын екі мәрте қағып-қағып жіберді, сол-ақ екен маймыл бір-ақ секіріп иығына қонды да, құлағына қарай еңкейіп, тісін үсті-үстіне сақылдата бастады, аздан соң әлгіндей бір-ақ секіріспен жерге түсті, маэсе Педро болса, алабөтен асығыстықпен Дон Кихоттың алдына тізерлей кетіп, аяғын құшақтай алған күйі былай деп сөйлеп кетті:

— Геркулес бағаналарын қалай құшсам, сіздің аяғыңызды да дәл солай құшам, беу, ұмыт қалдырылған кезбе рыцарьлықты қалпына келтіруші қаһарман! Сіңірген еңбегін дәріптеуге сөз жетпейтін, беу, рыцарь Ламанчалық Дон Кихот, әлсіздердің сүйеніші, тайғанақтағандардың таянышы, азғандардың үміті, күллі бақытсыз бейбақтың тірегі мен жұбанышы!

Дон Кихот мелшиіп қалды, Санчо аң-таң боп аузын ашып, көзін жұмды, студент дебдіреп кетті, жас малайдың есі шықты, бақырауық селода тұратын шаруа сасқалақтай бастады, бекетші түкке түсінбей алақ-жұлақ етті — тоқ етерін айтқанда, сауыққойдың лебізі бәрін де абыржытып тастады, ал анау сол арада сөзін әрмен жалғап кетті:

— Ал, сен, беу, мейірбан Санчо Панса, әлемдегі ең жақсы рыцарьдың ең жақсы атқосшысы, қуана бер, өйткені мейірбан әйелің, Тересаң дәл қазір зығыр түтіп жатыр, көңіліңде күдік қалмасы үшін тағы да айтайын, оның сол жағында ернеуі кетік құмыра тұр, жұмысы көңілдірек жүруі үшін, оған шарапты жетерліктей етіп құйып қойған.

— Бұған мен кәміл сенем, — деді Санчо. — Егер шамадан тыс қызғаншақ болмағанында Тересаны нағыз алтын көмбе деуге болар еді, оны тіпті, мырзамның айтуынша, өте алғыр әрі қолынан келмейтіні жоқ әйел-дәу Андадонаға да айырбастамас едім. Одан соң менің Тересам, дастарқаны бүгін көл, ертең шөл дейтіндердің қатарына жатады.

— Міне, дәл қазір мен: кім көп оқып әрі көп сапар шексе, сол көп көреді әрі көп біледі, деп нық сеніммен айта алам, — деп сол арада Дон Кихот оны бөліп жіберді. — Мұны айтып тұрған себебім: осы жаңа ғана өз құлағыммен естігендей сәуегейлік айтатын маймылдар бұл дүниеде бар дегенге біреу өзімді сендіруі үшін маған қаншама дәлелдеме келтіру керек болатынын кім біледі? Олай дейтінім, мен тап сол мына сүйкімді хайуанат айтқан Ламанчалық Дон Кихотпын ғой, рас ол мені аздап әспеттеңкіреп жіберді, алайда, қандай адам болмайын, бәрібір, өзімді осындай жаны жұмсақ, қарайласқыш, жұртқа тек жақсылық жасауға, ешкімге жамандық жасамауға бейіл етіп жаратқан құдіретке алғыстан басқа айтарым жоқ.

— Қалтамда ақшам болса, — деді жас малай, — мына маймыл ханымнан алдағы жиһан кезу сапарымда қандай жағдайға тап боларымды сұрар едім.

Бұл аралықта тізерлеген жерінен тұрып та кеткен маэсе Педро оған былай деп жауап қатты:

— Бұл хайуанат болашақты болжамайды деп сіздерге айттым ғой, ал егер болжаса, онда сізге ақша да қажет болмас еді, — осы арада отырған сеньор Дон Кихоттың тілегін орындау үшін мен тіпті қандай табыстан да бас тартар едім. Ал, енді оған деген құрметімнің белгісі ретінде және оның көңілін көтеру үшін қазір барып сиқырлы сандықшамды әзірлейін, сосын бекетте қонып жатқандардың бәріне ақысыз-пұлсыз қызықты ойын көрсетейін.

Мұны естіген бекетші қатты қуанып, сандықшаны қай жерге орналастырған оңды болатынын көрсетті және сандықша сол жерге орнатылды да.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий