Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл тараудан есектің ақыруы мен әлдебір сауыққойға қатысты қызықты оқиғалар бастау алады, сондай-ақ мұнда көріпкел маймылдың таңғаларлық сәуегейліктері келтіріледі.

Дон Кихоттың есіл-дерті қару-жарақ әкеле жатқан адам айтып беруге уәде еткен ғажайыптар жайында қайткенде де тезірек естіп-білу болды. Қожайын сілтеген бағытпен жүріп кеткен ол әлгіні шынымен-ақ сол жерден кезіктіріп, жолда сұраған нәрселері жөнінде кейінге шегере бермей тап осы жерде қолма-қол айтып беруін сұрады. Әлгі адам оған былай деп жауап қатты:

— Мұндай ғажайыптар жайында қол боста, асықпай отырып әңгімелеген ләзім. Сіз маған, мейірбан мырзам, әуелі мына жануарыма жем-шөп беруге рұқсат етіңіз, сосын бәрін сізге баян етем, таңғалғанда талып түсетін боласыз.

— Е, бар шаруаң осыған тіреліп тұрса, қазір көмектесіп жіберейін, — деді Дон Кихот.

Сөйтті де, дереу сұлы елеп, ақыр тазалауға кірісіп кетті — мынадай монтаны қылыққа әлгі адамның көңілі жібіп, өзіне өтініш етілген жай турасында әңгімелеп беруге ықылас білдірді; сөйтіп қақпа жанындағы сәкіге Дон Кихотпен қатар жайғасып отырғаннан кейін, студент, жас малай, Санчо Панса мен бекеттің қожайыны бас қосқан қадірлі жиынға қарап былай деп сөйлеп кетті:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий