Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екіншіден, өз ішіңе үңіліп, өзіңді өзің тани біл, қиындық атаулының ең ақиреті де осы таным. Өзіңді танығаннан кейін, өгізбен теңеспекке тырысқан бақа секілді ісініп-кебінбейтін боласың, ал ісініп-кебіне қалсаң, онда кеспірсіз аяғына көзі түсіп қымсынып, көрерге көз керек құйрығын жасыра бастайтын тауыс тәрізді, туған өлкеңде бір кезде шошқа баққаның есіңе оралып, парықсыз атаққұмарлығыңның құйрығын еріксізден еріксіз жасыра бастайтын боласың.

— Жөн сөз, — деп келісе кетті Санчо, — бірақ ол кезде мен бала едім, ал естияр шағымда шошқаны емес, қазды бақтым. Алайда бұл әңгіменің маған пайдасы аз сияқты: өйткені, билеушінің бәрі бірдей король тұқымынан емес қой.

— Дұрыс айтасың, — деді Дон Кихот, — маңызды қызметте отырған, бірақ ақсүйек әулеттен шықпаған жандар, міне, осы себептен де жұмсақтық пен мейірімділік танытуы қажет; ал бұл қасиеттер саналы түрдегі сақтықпен астасса, оларды өшпенді өсек-аяңнан сақтап қалады, өйтпеген жағдайда одан қандай қызметте жүрсең де құтыла алмайсың.

Нашар нәсілден өрбігенің жөнінде, Санчо, мақтанышпен айтатын бол және қара шаруадан шыққаныңды еш қысылып-қымтырылмай мойында, өйткені бұдан өзің ұялмасаң, мұны бетіңе басу ешкімнің ойына келмейді; жалпы, менмен күнәкар болғанша момын тақуа болуға тырыс. Тегі нашар екеніне қарамастан қисапсыз көп адам ең жоғары дәрежеге жетті, лауазымы биік дінбасы немесе император атанды, бұған соншалықты көп мысал келтірер едім, бірақ сен тыңдаудан жалығып кетесің ғой.

Есіңде болсын, Санчо: ізгілік жолына түссең және игі істер тындыруға тырыссаң, саған князьдар мен сеньорлар қарекетіне іштарлық жасаудың қажеті болмайды, өйткені адамның тегі туа бітті меншікке айналады, ал ізгілік жүре қалыптасады; ізгілік — өз алдына дара құндылыққа ие, ал текте ондай құндылық жоқ.

Ендеше, жақын-жуықтарыңнан біреу-міреу өзіңмен жүз көріспекке аралыңа келе қалса, сен оны қума және ренжітпе де, керісінше, оны құрметпен қарсы ал, күтім жаса, — осы арқылы сен қай пендесінен болсын жиренгенді хош көрмейтін жаратқанның көңілін табасың, оған қоса жаратылыс заңын жүзеге асырасың.

Егер өзіңмен бірге әйеліңді ала келсең (өйткені, ұзақ мерзімге созылатын қызмет бабындағы міндетін орындап жүргендердің зайыбынан қол үзіп қалғаны жақсы емес), оған ақыл-кеңес бер, баулы және табиғатына тән әумесерлігінен арылт, өйткені ақылды губернатордың жиып-тергенін ақылсыз да әумесер әйелінің шашып-төгуі оп-оңай.

Егер зайыбың дүние салса (ондай жағдай болмай тұрмайды), сөйтіп мансабыңның маңыздылығына байланысты тәуірірек тең тапсаң, онда, байқа, жаңа әйелің ұзын сапты қармаққа айналып: “Ақ балық-ау, ақ балық, қармағымды қап, балық!” деп зар илей бастамайтын болсын, — ақ-адал шыным, соттың әйелі бопсалап алған параға Қорқынышты сот күні оның күйеуі жауап береді және көзі тірісінде көңіл аудармаған көлденең табыстары үшін өлгеннен кейін төрт есе көп азап шегеді.

“Айттым — бітті, кестім — үзілді” дейтін қағида бойынша ешқашан қарекет жасаушы болма: бұл қағиданы өзін оқып-тоқыған адам санайтын надандар көбірек ұстанады.

Екі жаққа да бірдей қалтқысыз әділ болу ниетіңнен айнымағаныңмен, байдың шағымынан гөрі кедейдің көз жасына көбірек көңіл бөл.

Байдың қандай сыйлық ұсынып, нендей уәде бергеніне және кедейдің қанша жерден жылап-сықтағанына қарамастан, ақиқатты анықтауға барыңды сал.

Кеңшілік жасаудың мүмкіндігі бар жерде және жасалуға тиіс жерде айыпкерге заңның барлық қатаңдығы бойынша жаза кеспе, өйткені қатал соттың абырой-атағы қайырымды соттың абырой-атағынан әсте артық емес.

Егер әділ соттың қолыңдағы асатаяғы күндерде бір күн майыса қалса, онда ол тарту-таралғының салмағынан емес, аяушылық білдірудің әсерінен майысатын болсын.

Егер күндерде бір күн дұшпаныңның дау-шарын қарауыңа тура келсе, өзіңе көрсеткен жәбірі жайындағы ойдың бәрін былай ысырып таста да, шындық кімнің жағында екенін анықтаумен ғана шұғылдан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий