Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сен дұрыс айттың, Санчо, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — алайда, бүгінгі күннің ертеңгі күнге ұқсамайтынын, бақыт айнымалы болатынын қаперіңе ал. Қарапайым халық ырым деп атайтын, ақылға қонымды негізі жоқ нәрселерге көзі ашық адам тек көңілге ұнамды құбылыс ретінде қарауға тиіс. Кейбір ырымшыл пенде таң елең-алаңда тұрады, үйінен шығады, сөйтіп оған жол бойында Диуана Франциск орденіне мүше монах ұшыраса қалса, құдды бір грифті кезіктіргендей шошынып, жалт бұрылып табанын жалтыратады. Әлдебір Мендоса үстелге тұз шашады, соған қараған бойда жүрегі жабырқап сала береді: бейне бір табиғат оны дәл осындай түкке тұрғысыз белгі-нышандар арқылы алдағы жайсыздықтардан сақтандырып отыруға міндетті секілді. Ал, білімдар христиан құдіретті күштің ықтиярын мұндай қисынсыз нәрсе арқылы біліп алуға тырыспайды. Сципион Африканы жаулап алуға келеді, кемеден түсіп жағалауға шыға бергенінде сүрініп кетіп етпетінен құлайды, сарбаздары мұны жаман ырымға балап, секем алып қалады, сөйтсе анау жерді құшақтап жатқан күйі: “Енді менен қашып құтыла алмайсың, Африка, өйткені сені құшағыма алып жатырмын!” дейтін көрінеді. Айтайын дегенім, Санчо, жаңағы бейнелермен жүздесу мен үшін өте қуанышты оқиға болды.

— Мен де солай ойлаймын, — деп келісе кетті Санчо, — тек бір білгім келетіні, тақсыр, ұрысқа кірер алдында испандардың қашан да: “Әулие Яго, Испанияны құлыпта!” деп әулие Маврқырған Дьегоны көмекке шақыратыны несі, соны түсінбеймін. Әлде Испания ашық тұратындықтан оны құлыптап тастау қажет болып па еді? Мұнда қандай гәп бар?

— Әй, сен де бір жүрген кещесің-ау, Санчо! — деп дауыстап жіберді Дон Кихот. — Сен мынаны біл, қан қызыл крестің осынау даңқты рыцарына құдай Испанияға қамқор әрі құтқарушы болуға, — әсіресе испандар маврларға қарсы жүргізген сол бір сұрапыл соғыс жылдарында, — әмір еткен еді, міне сондықтан да испандар айқасқа түсер алдында өз қорғаушысы ретінде осы әулиеге сиынып, есімін атап шақырады және оның шайқасқа қатысып жүргенін, агарлардың қарақұрым әскерін күйретіп, табанға салып таптап, қыран жапқандай қырып-жойғанын көп адам өз көзімен көрген, — бұған дәлел ретінде испанның шыншыл хроникаларынан көптеген мысал келтіре алам.

Осы арада Санчо әңгіме ауанын өзгертіп, мырзасына былай деді:

— Апырай, сеньор, герцогиняның күтушісі Альтисидора не деген әдепсіз бикеш еді! Шамасы, анау әлгі, аты кім еді, Амур оңдырмай жаралап, жақсылап атқан ғой жебемен, — жұрт оны көзі шамалы көретін балақан деседі, көзі іріңдеп жүрсе де, тегінде, тіпті бірдеңе көруден қалса да, бәрібір, әлдебіреудің жүрегін нысанаға алса бітті, ол тіпті титімдей жүрек болса да мейлі, әрдайым дәл тигізеді және оғы оны әрқашан тесіп өтеді. Сосын тағы бір құлағым шалғаны, оның махаббат жебесі қыздың ұялшақтығы мен ибалылығына соқтықса ұштығы мұқалып, сынып қалады деуші еді, ал мына Альтисидораға келгенде мұқалудың орнына өткірленіп кеткен секілді ғой.

— Бір нәрсені ұмытпа, Санчо, — деді Дон Кихот, — махаббат ешкіммен санаспайды, тоят дегенді білмейді және оның дағдысы мен дәстүрі де ажалдың дағды-дәстүрінен аумай қалған: бақташының жыртық лашығына қалай емін-еркін кірсе, корольдің салтанатты сарайына да тап солай кіріп барады, ал адам жанын толайым-тұтасымен баураған шағында ол ең алдымен одан үрей мен ұятты қуып шығады: міне, ұят дегенді былай жиып қойған Альтисидораның сүйіспеншілік сезімін білдіруінің де себебі осында, ал мұнысы мені абыржытып тастағаны болмаса, аяушылық сезімімді оята алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий