Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо Панса мен зайыбы Тереса Каскахо жоғарыда келтірілген екеуара пәтуасыз әңгімемен айналып жатқан кезде Дон Кихоттың жиен қарындасы мен күтуші әйелі де қол қусырып қарап отырған жоқ-ты: әр алуан нышандарға қарап бірінің нағашы ағасы, екіншісінің қожайыны шартарапты шарлауға, бұлардың ойынша, шалыс қадам жасауға деген рыцарьлық кұштарлықтан зарығып, үшінші мәрте қашып шықпақ боп жүргенін сезіп қалғандықтан, оны осынау зиянды ойдан арылту үшін олар да қолдан келгеннің бәрін жасап жатты, бірақ бұл әрекеттері құла түздегі құр айқай ғана еді және олар суып қалған темірді соққылап жатқан. Солай бола тұрғанымен, Дон Кихотпен ұзақ уақыт салғыласып баққан күтуші әйел сөз арасында оған былай деді:

— Шынымды айтсам, мархабатты мырзам, егер орныңызда байыз тауып отыра алмайтын болсаңыз, сөйтіп құдды бір кезегенге ұқсап қайтадан жер-дүниені шарлап тентіреп, әлгі, қалай деп аталушы еді, иә, жанға дауа, ал мен оны жанға зауал деп атаймын, іздейтін болсаңыз, онда құдай мен корольге шағым айтам және олардың сізге тыйым салуы үшін жан дауысым шығып шыңғыратын болам.

Дон Кихот оған былай деп жауап қатты:

— Күтуші ханым! Арыз-шағымыңа құдайдың қандай жауап қайтарары маған беймәлім, сол сияқты ұлы мәртебелі ағзамның да нендей жауап қайтаратынын білмеймін, білетінім, егер король болсам, корольдің атына күн құрғатпай түсіп жататын қисапсыз да қисынсыз өтініш-шағымның ешқайсысына жауап бермес едім, өйткені ұлы мәртебелі ағзам атқаратын ауыртпалығы мол міндеттердің ішіндегі ең ауыры — барша жұрттың мұң-мұқтажын тыңдау және бәріне түгел жауап қайтару боп табылады, міне сондықтан да маған қатысты мәселемен оның басын қатырмағанды жөн санаймын.

Күтуші әйел оған:

— Сонда қалай, сеньор, ұлы мәртебелі ағзамның сарайында да рыцарьлар бар ма? — деген сұрақ қойды.

— Бар, — деді Дон Кихот, — және олар онша аз да емес әрі керексіз де емес, өйткені олар сарай сән-салтанатының көркі саналады, сондай-ақ король тағының айбынын асыра түседі.

— Ендеше, сізге де, тақсыр, неліктен сарайда тып-тыныш қана отырып корольге, өз қожайыныңызға қызмет етпеске?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий