Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жаратқан иеміздің атымен ант етейін, — деп дауыстап жіберді Дон Кихот, — егер сен туған жиенім, яғни бір қаптан, бір саптан шыққан апайымның қызы болмағаныңда бар ғой, мына күпіршілігің үшін сазайыңды жақсылап тұрып тарттырар едім және бұған күллі әлем күңіренген болар еді. Апырай, ең жеңілі шілтер тоқитын шидің өзін жөндеп игере алмай жүрген олақ қыздың кезбе рыцарьларға арналған кітаптар жайында ойына келгенді айтып, балағаттағанын кім көрген? Егер мұны естісе, сеньор Амадис не дер еді? Әйткенмен, ол сені, әрине, кешірер еді, себебі ол өз заманының өте жуас әрі аса сыпайы рыцары болатын, оған қоса бойжеткендердің жан тең келмес қамқоры-тұғын, бірақ егер басқа біреу естігенде халың мүшкіл болар еді, өйткені рыцарьлардың бәрі бірдей әдепті де ізетті емес, олардың арасынан дүмше де, дарақы да табылып жатады. Олай дейтінім, өзін-өзі рыцарь атандырып жүргендердің бәрі бірдей бұл атаққа шынымен лайық емес: бірі — нағыз алтыннан, екіншісі жалған алтыннан жасалған. Сырттай қарағанда барлығы да рыцарь тәрізді, алайда ақиқат анықталар алғашқы сынақтан бәрі бірдей өте алмайды. Рыцарь болмаса да, ұқсап бағуға тырысып өлермендік жасап жүрген нәсілі нашар адамдар да бар, сол сияқты қара халықтан шыққан секілді көрінбек боп битін салып жүрген текті тұқымнан тараған рыцарьлар да бар: алғашқылары әлде атаққұмарлықтан, әлде ізгі ниеттен жоғары қарай емпеңдейді, екіншілері әлде жігерсіздіктен, әлде әдепсіздіктен төмен қарай сырғақтайды; рыцарьлардың аты ұқсас болғанымен, атқаратын іс-әрекеті әрқалай мұндай екі түрін ажырату оңайға түспейді, ол үшін алғыр ой керек.

— Құдай-ай! — деп айқайлап жіберді жиен қыз. — Көп білетіндігіңіз сондай, ағатай, мұқтаждық қысқан шақта қай жерде болсын мінберге көтеріліп уағыз айта алар едіңіз, соған қарамастан соқырлығыңыз бен ауандығыңыз сонша, шын мәнінде қартаңдау екеніңізге қарамастан — қайсарлығыңызға, әлжуаз екеніңізге қарамастан — әлеуеттілігіңізге қалтқысыз сенесіз, қисықты түзетіп жүрмін дейсіз, ал өзіңіз болсаңыз мосқал тартқандықтан бүкірейіп кеткенсіз, ал ең бастысы сіз — шын мәнінде үш қайнаса сорпаңыз қосылмаса да рыцарь және кавальеро атанып алдыңыз, әрине идальго кавальеро бола алмайды емес, әйтсе де жоқ-жұқа жанға ондай болу қайда!..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий