Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұзыннан ұзақ дәлізде төсек те жетпей, зембілде жатқан бір адамға Рысқұлов сұқтана қарап қалды. Көп аурудың бәріне үңіле бермейсің ғой. Бірақ мынаған Рысқұловтың назарын аударған бір жағдай болды. Зембілдегі ауру адамның қолдарында аппақ жұқа қолғап бар екен. Мұндай аппақ жұқа қолғап киген бір адамды Рысқұлов бұрын бір рет көрген. Бірден есіне түсіре алмай, Әкбарға қарады.

— Соның өзі, — деп сыбырлады Әкбар. — Институттың бастығы. Індеттен бұл да аман қалмапты ғой.

— Ақ қолғап та қорғай алмаған екен, — деді Рысқұлов.

Иә, соның өзі. Шалқасынан жатқан кісінің бурыл шоқша сақалы жоғары қарай шаншылып, селтие қалыпты. Өзі де бұрын сұп-сұр адам, қан-сөлсіз, тасбеттеніп кетіпті. Он төртінші жылы, соноу Түркістанның бір түкпірінен оқу іздеп келген Рысқұловтың меселін қайтарған, үмітін үрлеп өшірген, арманын адыра қалдырған адам алдында жатыр. Емтиханның бәрін беске тапсырса да: «Номад, малыңды бақ», — деп, институтқа қабылдамай қойған бастық. Аппақ жұқа қолғабы сонда да бар еді. Күллі дүние-әлемде бір кісіге ауру жұқпаса, осыған жұқпас еді. Жүріс-тұрысынан, тұла бойынан ақсүйек тектінің лебі есіп тұратын сыпа-сылқым, бұл да небары пенде екен, ендігі жатысы мынау. Зор мен қордың арасы онша алшақ та болмағаны да.

Рысқұлов осылай ойласа да табалаған жоқ. Біреуді табалау, тіпті жауың да болса, табалау мықтылықтың белгісі емес, Әкесі Рысқұл: «Досқа күлкі, дұшпанға таба қылма, Тәңірі!»—деп отырар еді. Бүгін бұл ақ қолғапты, ақсүйек тұқымын табаласа, ертең өзінің алдына келмесіне кімнің көзі жеткен? Рысқұлов Әкбарға сонда:

— Бұлай жатқаны жарамас, амалдап палатаға орналастыру керек. Жаман болсын, жақсы болсын, Ресейдегі үлкен бір оқу орнын басқарған адам. Сондықтан бұған қол ұшын беріп жібергеннен қор болмаспыз, — деді.

Әкбар Рысқұловтың сөзін екі еткен жоқ. Ақ қолғапты адам лезде күтімге алынды.

Рысқұловты Әкбар пойызға шығарып салып, қоштасып қалды. Бауырларша кәдімгідей тебіренісіп айрылысты.

Вагонға мініп, купеге жайғасқан бетте-ақ Рысқұловтың жағдайы сыр бере бастады. «Әлде шаршагандікі болар, біраз тынығып алсам, басылар»,—деп жастыққа қисайып, көз іліндіріп көрмекші де болды. Мұның келе жатқанын білетін пойыз бастық құрақ ұшып, тамақ алдырып, бәйек болып-ақ еді. Тамаққа тәбеті шаппады, ешнәрсеге зауқы жоқ, бойы байсал, мең-зең тартып, қошқыл шиедей ерні тұзы шығып, кезере береді. Сонда барып, Рысқұлов сүзектің сырын аңғарып, пойыз бастыққа қатаң тапсырды: купеге ешкім кірмесін, жұқпалы сүзек, енді пойыздағыларға тарап кетсе, сол қиын. Ауруханасы бар келесі бір станциядан мұны түсіріп алып қалсын. Бәрібір Ташкентке дейін жете алмайды.

Ауруханасы бар келесі станция Орынбор еді. Пойыз бастық алдын ала телеграмма соғып, Орынбордағыларды ескертіп үлгірді.

Рысқұлов пойыздан түсіріліп, Орынборда қала берді.

* * *

Ғылымның айтуы бойынша, сүзекпен ауырған адамның миы ғаламат жанталаса жұмыс істейтін көрінеді. Жайшылықта жайбарақат ұйықтап жататын мың-миллион клеткалар оянып, адамның басы әлемге, галактикаға айналады деседі.

Рас та шығар. Өйткені Орынбордың ауруханасында, арнаулы жеке палатада жатқан Рысқұлов, баяғы балапан балалық шағына қайта оралғандай хал кешті. Баяғы апайтөс Талғар таудың баурайы. Айнала заңғар шыңдар, терең сайлар, жап-жасыл бау-бақша, жалтыр мұз, сылдырап аққан күміс бұлақ... Сол күміс бұлаққа бұл кезерген ернін тосып, күміс суды іше береді, іше береді. Бірақ қанша ішсе де шөлі қанбайды. Анандай жерде, жар-қабақта Қызыл Жебе мінген әкесі Рысқұл тұрады да қояды.

— Болсаңшы! — дейді әкесі арыстандай ақырып. — Қашанғы іше бересің?! Күллі Алатаудың барлық бұлағын тауысар болдың ғой. Жүр! — деп зекиді. Бірақ бұл бұлақтан басын ала алмайды.

Сөйтіп жатқанда, кезерген, тұзы шыққан ерні жіпсігендей болады. Ептеп көзін ашады. Бұл енді басқа дүние. Айнала аппақ мата, қарсы алдында ақ киінген жап-жас орыс қызы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий