Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұлов екі-үш күнге Түлкібасқа барып қайтпақшы болды. Жолай Манкентке соғады. Ұлын, қайын енесін көреді. Бұл сапарға ол Надяны да ала бармақшы. Өлі мен тірінің арасында жатқанында аузына су тамызған, алапат ыстықтан кезерген ернін сулы мақтамен сүртіп отырған, тіпті дәретіне дейін алдырып, жас балаша мәпелеп баққан Надя, Жанша Досмұхамбетовтың балдызы мұны Орынбордан Ташкентке дейін шығарып салып, Ташкентке келген соң да дәрі-дәрмекті өзі беріп, өзі бағып-қақты ғой. Атақ-даңқы алысқа кетсе де, Рысқұловта осы уақытқа дейін отбасы жоқ. Бұрынғы әйел кеткен, жалғыз бала қайын ене қолында. «Ер-азаматтың қосы түзелмей, ісі түзелмейді» дейтін бар. Бұл бабадан қалған қағиданы Рысқұлов өзі ұмыта бергенмен, тағдыр есіне салғандай, осы Надя тап болды. Сүйдім-күйдімнің ісі емес, бірақ өзіне өлердей беріле қызмет қылып, жанашыр болған жанға енді сауығып болған соң Рысқұлов: «Ал, жарқыным, ауылыңа қайта ғой», — демеді. Надя да: «Мен қайтайын», — деген жоқ. Орынбордан да: «Ау, Надя неге қайтпай жатыр?»—деп тақақтаған ешкім болған жоқ. Күйіп-жанып өлердей ынтызар болған Наташадан не опа тапты? Жеме-жемде оған жардан гөрі, Кеңес өкіметінің қандыбалақ қас жауы, өзінің туған бөлесі подполковник Приходько күйігі басым түсті.

Совнарком төрағасы баяғының губернаторынікіндей кең сарай үйге жоламай, бұрынғы Садовая дейтін көшедегі өз пәтерін алып, Надя екеуі сонда тұрып жатқан. Ол бұрын ТүркЦИК төрағасы кезінде де осы үйді мекендеп еді. Бау-бақшалы, тұйықтау, тыныш көше.

Рысқұлов пен Надя Ташкенттің вокзалына табандары тиер-тиместен-ақ Надяны жұрт Рыскұловтың келіншегі деп қабылдады. Рысқұловты қарсы алуға Түркістан басшылары шыққан екен. Ішінде баяғы Сұлтекең — Сұлтанбек Ходжанов, Санжар Асфандияров, Ораз Жандосов, Файзолла Ходжаев, Акмаль Икрамов бар. Басқалар әліптің артын бағып, әдеп сақтап тұрғанда, Сұлтекең сақпандай сартылдап, саңқылдап ала жөнелді.

— Оу, Тұрар, құсың құтты болсын! Немене, тағы да орыстан алғансың ба? Апыр-ау, осы саған, әйтеуір орыстың қыздары-ақ ыстық көрінеді де тұрады екен. Мейлі, қадамы құтты болсын, оқасы жоқ.

— Сұлтеке, ол... — деп сүзектен тұрған Рысқұлов боп-боз болып, жағдайды түсіндіргенше, Сұлтанбек қайтадан бастырмалата жөнелді.

— Апыр-ай, кінәлағаным емес, көңіліңе ауыр алмашы, мейлі, өзіңе ұнаса болды да. — Соны айтып болмай, Надяға бұрылып, үйіріп ала жөнелді. Орысшалап:

— Атың кім, шырағым? — деді.

— Надя, Надежда Константиновна.

— О, үлкен жеңгемізбен аттас екенсің. Қасиетті есім екен. Сұлтанбек Ходжанов. Қайнағаң боламын.

Бейтаныс адамдардың арасына түскенде, бөтен бір планетаға келгендей болып, Надя екі беті дуылдап, не айтарын білмей қысылды. «Қайнағасы несі? Бұл елде жасы үлкен кісілер осылай танысатын шығар?» — деп ойы он саққа жүгірді.

— Әй, Сұлтеке-ай, бүлдірмесең, жүре алмайсың-ау, — деп Санжар Асфандияров мұртын сипап, сыпайы ғана күліп қойды.

Өзі жолдан қажып келе жатқан Рысқұлов мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндіріп жатпады.

Сұлтанбек Ходжанов айылын жимай, жан-жағын барлап-байқап жатпай, баяғы бір аңқылдақтау, бірақ дарақылау мінезден арылмай, ойындағысын жасыра алмай айта салды.

— Е, мейлі, Тұрар. Сенің Цезарь патшадан нең кем? Тарихта «Цезарь покидает Рим, чтобы завоевать Рим» дейтін бір қанатты сөз бар. Сен де Түркістаннан кетіп едің, Түркістанды қайтадан «жаулап» алдың. Жарайсың, ерім. Бұл нағыз ердің ғана қолынан келеді. Оу, өзіңнің өнің шамалылау ғой...

— Апыр-ой, Сұлтеке, қойсаңызшы енді, — деп Санжар Асфандияров, зиялы, жұмсақ мінез кісі ғой, соның өзі қатуланып кетті. — Тұрар науқастан тұрды, әрі жолдан қажып келе жатыр. Мазасын алмайық та.

Асфандияровпен бетпе-бет келуден тайсақтайтын Сұлтекең:

— Қойдық, ойбай, қойдық, Сәке, — деп кеңк-кеңк күлді.

Екі жылдық айрылысудан кейін, өзінің комиссарларымен Тұрар Рысқұлов Ташкент вокзалының басында осылай табысты.

Ахаттың хатын алғаннан кейін, Рысқұлов үйіне келген соң Надяға:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий