Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді «Мойынсерікке» күш-көлік... Бұл алдақашан шешілетін іс. Бірақ оны мандытпай отырған жергілікті басшылар. Мұны таяу уақытта жедел қолға алмақшымыз. Алдағы көктемнен бастап, «Мойынсерікке» берілетін жерге лайықтап тұқым, күш-көлік те бөлінеді.

— Жолдас совнарком, — деп жирен сақал, жылтың көз біреу қол көтерді. — Декрет бойынша, өкімет менің жерімді тартып алды. Сөйтіп, жалаңбұттарға берді. Мейлі, солай-ақ делік. Ал сіз совнаркомсыз. Енеңіздің иеленіп отырған жері мұншама! — Ол қос қолын жайып жіберіп, ағаштары жапырағын төккен алмабақты көрсетті. — Бұл қалай? Декрет жалпыға бірдей емес пе?

— Әй, қақбас Клевенцов! — деп шаңқ етті Елизавета Петровна. — Саған да, анау Шымкенттегі ініңе де, бүкіл Клевенцов әулетіне күйік осы жарты гектар бау болса, мен ертең өткіземін, өткіземін өкіметке! Ал не дейсің?

Рысқұлов бір кезде ТуркЦИК мүшесі болған Клевенцовтың туысқанына қарап:

— Қанағаттандыңыз ба? — деді.

— Иә, көрерміз әлі. Құр сөз болып жүрмесін, — деп теріс айналып кетті. Басқалар Рысқұловқа ризалық білдіріп, бір жағынан жолынан бөгегендеріне ыңғайсызданып, кешірім сұрап, рақмет жаудырып, үй-үйіне тарай бастады. Тек қара автомобильді қызықтап, қимаған кір-қожалақтау балалар ғана кеткен жоқ.

Шынжырлы төбет оларға:

— Болды, жетті, қайқайыңдар! — дегендей әлі де арсылдап, сымтемір бойымен шынжырын сылдырлатып, ашулы кейіппен ары-бері теңселіп жүр.

Елизавета Петровна көк төбетке кейіп:

— Не көрінді саған өзіміздің кісілерді танымай қалып?! — деп итті үйшігіне сүйреп кіргізбек еді, төбет құйрығын бұлғаңдатып, иесіне жалынышты көзбен қарап, қипалақтай беріп, дарбазадан кіріп келе жатқан меймандарды көріп, көзі ызғарлана қалып, тағы арсылдады. Кемпір тағы да ұрсып, даусы қатты шыққанда барып, ағаш үйшігіне кіріп кетті.

Меймандар салқын даладан ұядай жып-жылы үйге кіріп, тосылыңқырап тұрғанда, үй иесі ілесі жетіп:

— Отырыңдар, жайғасыңдар, — деп бәйек болды. Бөтен бір дүниеге адасып еніп кеткендей болып тұрған Надяға: — Қызым... атыңыз... иә, Надежда, Наденька, қысылма, өз үйіңдей көр, — деп орындық ұсынды.

Рысқұлов пальтосын шешерде баланы Надя барып ұстай тұрмақшы болып еді, Ескендір бұртия қалып, теріс айналды. Надя қып-қызыл болып, өртеніп кете жаздады. Баланы кемпір өзі көтеріп тұрып:

— Ой, ақымақ, неге жатырқайсың? Мамаң ғой, мама... — деді — Әкеңді ғой тез таныдың. Шешеңді неге танымай қалдың? Бар, бара ғой... —деп баланы Надяға қарай икемдеді. Надя қолын имене созып, Құдайға іштей жалбарынып: «Меселімді қайтара көрме!»—деп тіледі. Балпанақтай сүп-сүйкімді балауса бола тұра, көзі кірпік қақпай секемдене қарайды. Надяның бет-пішінін әбден анықтап алды ма, кім білсін, әлден уақытта барып, жұп-жұмыр, жұп-жұмсақ қолын созды...

Мұны бәрі де жақсылыққа жорыды. Надя балаға бойын үйретуге бар өнерін аямай-ақ салды. Ары-бері әткеншекше теңселіп, бауырына қысты. Бірте-бірте қолтығынан алып, аспандата лақтырды. Бала тіпті сықылықтап күліп те жіберді. Сөйтіп, не керек, жетім қозы бөтен саулыққа бауыр басқандай болды.

Адам шіркін мейірімге зәру. Дүниедеті небір қатыгездік, қаныпезер, тасжүрек, мейірімсіздік сол ана сүтімен қоса мейірлі шуақ, жылы сезім жетіспегендіктен шығатын шығар. Әсіресе нәресте ана сүтімен ауызданбағаны қандай қиянат?! Мына Ескендір ана мейірімі тұрмақ, ана сүтін де ембеді. Шешесі Наташа сұлу назбедеудей сылаңдап, басқа бір жайлаудың қызығымен, «шамаң барда шайқап қал», — деп мұны тастап кетті. Араға жылдар салып, әкесінің келген беті мынау. Бала бейшараны ата салған жолды, ана пішкен тонды көруге жазсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий