Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тіршілікте, жұмыс бабында, мансаптар жолында не болмайды? Айтыс та, тартыс та болады. Бірақ қысқа өмірді қырқысып өткізгеннен Құдай сақтасын. Жап-жақсы дос-жаран, жап-жақын жамағайын, қандас бауыр, жора-жолдас адамдар бір-бірімен неге ғана ата жаудан жаман қастасып кетеді екен? Адамда аурудың түрі көп. Соның бәрінен жаманы — мансап ауруы болса керек. Мансап жолында айтыссаң айтыс, тартыссаң тартыс, бірақ жауығудың, өштесіп, бет көріспестей болудың не керегі бар? Өсер елдің баласына келіспейтін кесел ғой ол!

Рысқұловтар, Төреқұловтар мұны жақсы білген. Білген де, бір кездегі кикілжіңді ұмытуға тырысқан. Төреқұловтардың қудалауына ұшырап, Мәскеу кеткен Рысқұлов та Орталық сынынан өтіп, енді қазір Түркістанға қайта оралып, Халық Комиссарлар Кеңесін басқарып тұр.

Нәзір Төреқұлов Тұрардың Мәскеуге келгенін біліп, енді өзі телефон соғып, амандық-есендік сұрап жатыр. Көңілінде кек, көкірегінде дық жоқ екенін білдіргені ғой. Дүрдараз болып дүрдиіп, сырттан бұртиып жүрсе, азаматтар басы қосылар ма? Азаматтары алауыз болған елдің берекесі кірер ме? Азаматтары ала тайға мініп, алауыз болып жүрген алаштың соры бес батпан болмай ма?

—Тұрар, телефонмен әңгімеге мейір қанбас. Кеңестен шыққан соң кешке үйге кел, мейман бол. Өткен-кеткенді еске алып екшейік, Түркістан жазушыларынан кімдердің кітабын шығарамыз, соны ақылдасайық, — деп жатыр Төреқұлов.

Қызметте сұлу қыз сияқты, әркім қызығатын шығар. Қызығу сезімі көбінесе ақылды жеңіп кететін шығар. Нәзірдің қызмет бабында қыңырлығын былайырақ ысырып тастап, Рысқұлов оны терең білімі, адамгершілік парасаты үшін жақсы көретін. Төреқұловтың жолы — таспадай түзу жол емес. Әуелі «Қазақ» газетінде қызмет істеп, «алашты» құруға аянбай кіріссе де, кейін қып-қызыл большевикке айналып, әсіре солшыл болып алды. Көп тіл білетін, аса зерделі алғыр азамат.

Әдетте телефонмен ұзақ сөйлесуді қаламайтын Тұрар бұл жолы уақытты қалай оздырып алғанын байқамай қалды.

— Кешір, Нәзір, — деді ол сағатқа көзі түсіп кетіп. — Кеңеске кешігетін түрім бар. Кешке кездесерміз. Сталиннің мінезін білесің ғой, кешіккенді жақтырмайды.

Ол енді Сұлтанбек пен Акмалды іздеуге де мұршасы келмей, мейманханадан шығып, Кремльге асықты. Жайшылықта «Метропольден» төбесі көрініп тұратын Кремль асыққанда тым алыс болар ма...

* * *

Кремльдің Үлкен залының ауыр есігін аша бергенде Сталин Кеңесті ашып, сөз бастап тұр екен. Рысқұлов екі-үш минут кешігіпті.

— Рұқсат па екен? — деді Рысқұлов табалдырықтан аттай беріп. Зал толы халық басын бұрып, бұған жүздеген көз қадала қалды. Қанша батыр болсаң да көптің көзі қадалғаны қиын. Сталин едәуір үнсіз тұрып алды. Ол үндемеген сайын зал да сіресе түсті. Жасыл-сарғыш көздерін сығырайтып, Рысқұловқа сұқтана тұрып-тұрып, әлден кейін барып:

— А-а, Түркістанның Шыңғысханы, төрлет! — деді.

Неге олай деді? Аузынан қалай шығып кетті? Әлде жорта айтты ма? Ешкім білмейді. Бәлкім, Сталиннің өзі де байқамай, зілсіз айта салған шығар. Екеуі Наркомнацта бірге жұмыс істеді. Біреуі — бастық, біреуі — орынбасар болды. Бәлкім, бұрыннан әзіл-қалжыңдары жарасты шығар? Бәлкім, жақсы көргеннен іш тартып айтып тұрған болар?

Ол рас. Рысқұловтың батылдығына, алғыр, шапшаң ойлылығына қарата Сталин оны өз қызметтестері арасында «Шыңғысхан» деп атайтын. Бірақ көпшілік алдында, ресми жиналыста айтқан емес. Екеуінің мөлтек сырын мына қалың көпшілік, кілең ығай мен сығай, бүкіл Одақтан жиналған басшы қызметкерлер біле бере ме? Кекесін деп түсініп қалмас па екен? Айтылған сөз—атылған оқ, енді не де болса айтылып кетті. Әттең, әзіл де болса, ауыздан шықпағаны абзал еді, амал жоқ... Сталин ойланып айтса да, ойланбай айтса да — осы бір жалғыз ауыз келеңсіз сөз кесірге бастамаса неғылсын...

— А-а, Түркістанның Шыңғысханы, төрлет!

— Төрге грузиннің князі отырып қалған екен, маған осы бір жер де жетер, — деп Рысқұлов алға озыңқырап барып, бос орынға жайғасты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий