Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Лезде алай-түлей бір сұрапыл соғып өткендей-ақ, зал сілтідей тына қалды. Сталин десе, деген шығар. Онысы орынсыз көрінсе де, кешірімді болар. Өйткені Сталин — Сталин ғой. Ал Рысқұловтікі қай жүрек жұтқандық? Мүдірместен сарт ете қалды-ау! Айылын да жиған жоқ. Бекер айттым-ау деп қымсыну да білінбейді. Бойын тік, басын шалқақтау ұстап, аспай-саспай барып отырды-ау. Ұлықпен ұстаса кетпей, «Кешіріңіз»,— деп басын иіп, бүгіле қалу керек пе еді? Бетегеден биік, жусаннан аласа бола қалса, жаны тыныш жүрмес пе еді?

Бірақ баяғы-баяғы, басына ноқта симай-ақ кеткен әкесі Рысқұл деген кісі титтей баласының құлағына құйып қойған өсиеті бар ғой:

Шалқайғанға — шалқай,

Пайғамбардың ұлы емес!

Еңкейгенге — еңкей,

Әкеңнен қалған құл емес! —

деп, қай әке балам жаман-жасық болсын деп тілейді дейсің. Әркім-ақ баласына ақыл айтар-ау. Бірақ баланың да баласы бар ғой. Біреуі ақпақұлақ, айтқаныңды қазір ұмытып кетеді; біреуі киіз құлақ, қанша айтсаң да түсінбейді. Ал енді құймақұлақ әке ақылын бір тамшысын да төкпей-шашпай көкірек қалтасына құйып алатын көрінеді. Рысқұлов сол шығар. Сталин болса қайтейін, пайғамбардан туған жоқ қой деген шығар... Әкесі Виссарион Джугаев деген кісі ел қыдырып, әркімнің етігін тігіп күнін көрген кісі еді ғой деген шығар. Не десе де болары болды, бояуы сіңді.

Залдың алдыңғы қатарында отырғандар Сталиннің шешек дақты, ақсары жүзі ду ете қалғанын анық байқады. Сталин қаны бетіне оңайлықпен шапшымайтын кісі еді... Біразға дейін үнсіз тұрып қалды. Қолындағы бір парақ қағаз едәуір діріл қақты. Содан соң барып, бойын тіктеп, оң жақ қасын керіп тұрып, Кеңес жөніндегі сөзін одан ары жалғастыра жөнелді. Бір парақ қағазды сау қолымен тұтып, дімкәс сол қолының сұқ саусағын кезеп қойып орысша сөйлегенде грузинше акценті бұрынғыдан да қоюланғандай әсер қалдырды.

Қаралатын мәселе тым ірі, өте күрделі болатын. Ұлт мәселесі, соның ішінде ұлтшылдармен күрес жолы. Әңгіме өзегі — татар «ұлтшылы» Сұлтан-Ғалиев мәселесі. Сталиннің кіріспесінен кейін, бұл мәселе бойынша Валериан Куйбышев баяндама жасады.

Рысқұловтың баяндама сарынынан байқағаны: Сұлтан-Ғалиев теріс пиғылдағы адам. Кеңес өкіметінің іштегі және тыстағы жауларымен астыртын байланыс жасап тұрған. «Еділ-Орал» деген дербес мемлекет құру жөніндегі идеяныңда авторы Сұлтан-Ғалиев көрінеді. Байқайсыз ба, Кеңес мемлекетінің қақ ортасынан дербес мемлекет құрмақ болған! Қорқынышты ма? Әрине. Сенесің бе, жоқ па? Ақылға сыйымсыз. Мүмкін, жала шығар? Түркістанды Кеңес мемлекетінен бөліп әкетпекші болды деп Рысқұловқа да жала жабылмап па еді? Олай емес екенін Рысқұлов бұлтартпай дәлелдесе де, сол болмаған іс оған әлі таңылып жүрген жоқ па? Кінәсіз кінә оған әлі қанша таңыларын кім біліп болған?

— Сұлтан-Ғалиевтың Зәки Валидовке жазған хаты қолға түсті!

Рысқұловтың іші мұздап қоя берді. Демек Сұлтан-Ғалиевтың хаттары аңдуда болған екен ғой. Сұлтан-Ғалиев Рысқұловқа да екі хат жазып еді ғой. Ендеше, олар да есепте тұрған болды ғой. Куйбышев оны айтатын шығар...

Бірақ Куйбышев оны айтпады.

Зәки Валидов күні кеше Башқұрт автономиялық Кеңестік Социалистік республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болған. Қазақстанда «Алашорда» үкіметін құруға тілектес еді. Қазір елден кетіп, Түркияда тұрады. Сұлтан-Ғалиевтың онымен байланысты болуы — ауыр қылмыс. Шын ба, жала ма?

Сұлтан-Ғалиев Рысқұловтан екі-үш жас үлкендігі бар, Башқұртстандағы татарлардан шыққан, аса білімді алғыр адам. Татардың жалынды революционері Молланұр Вахитовпен қол ұстасып Татарстанда Кеңес өкіметін құрған кісі. Молланур оқыста опат болған соң, оның орнына Мәскеудегі Орталық Мұсылман комиссариатының төрағасы, Күншығыс халықтары коммунистік ұйымдары Орталық бюросының төрағасы болды. Таяуда тұтқынға алынғанға дейін Ұлт мәселелері жөніндегі Комиссариаттың коллегия мүшесі еді.

Осы 1923 жылдың 4-мамырында жұмыс орнында отырған жерде тұтқындалған. Тапа-тал түсте, өз кабинетінде.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий