Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» - четвертая книга, автор Шерхан Муртазы.

Красная стрела. Книга Четвертая / Қызыл жебе. Төртінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал Құл-Тегін өмір сүрген кезді ғалымдар сегізінші ғасырға жатқызып жүр. Бесінші ғасыр шамасында құрылған Түрік қағанатының жұрнағы сегізінші ғасырда мұхиттың тасып-тасып қайтқан шағы да. Құл-Тегін сол кездің көсемі да.

Төбешіктің үсті қираған тастар қиқымы. Кәдімгі көк тас. Көк жусан, боз жусан, көк тас. Боз жусан басы ызыңдайды: «Кімсіңдер? Не керек сендерге? Тағы да тас атуға келдіңдер ме? Айдалада, тек аспанға, Тәңірге ғана бой созып тұрған тас не жазды сендерге? Атсаңдар арқарларың ана тауда. Тас атып еріккенде не шығады? Не мұратқа жетесіңдер? Мұнда бұдан он екі ғасыр бұрын өмір сүрген батыр жатыр. Ол сендер сияқты арқар атып, қала берді тас атып еріккен емес. Елім деп еңіреген ер еді. Еділден бері Алтай асып созылған ұлы түрік елінің елдігін ойлап, еңіреген ер еді. Түрік елі жан-жақтан түрткі көріп, ішінен де іріткі шығып, теңіздей телегей Ұлы Отан ыдырай бастаған кезде, осы Құл-Тегін Түрік елінің өткенін айтып, кейінгілерге өсиет қалдырып еді. Ыдырамас үшін, бүлінбес, бөлінбес үшін, ерлер қалай болу керек екенін айтып еді. Бөлінгенді бөрі жейді, бөлінбеңдер, — деп еді. Құл-Тегіннің ақ байрағында көк бөрі басының алтын суреті болатын. Бөрілі байрақ оған сонау көк түріктің түбі Тұман ханнан, оның баласы Мөде ханнан қалған. Не білесіңдер сендер? Шіренесіңдер. Тұрақты дүние кімде бар? Шіренген сендер де бір кез жермен-жексен боласыңдар. Сонда бастарыңа біз сияқты боз жусан шығады. Боз жусан мына біз сияқты тілсіз күй тартып, тарих жырын шертіп тұрады әлі...

Құл-Тегін жасаған заманда Шыңғыс ханның әлі елесі де жоқ болатын. Кейін-кейін, көп жүз жыл кейін, осы сендер тұрған жерде, Шыңғыс хан да тұрған. Қанша құдіретті хан болса да, ол да атынан түсіп, төбе басына, яғни оба басына жаяу шыққан. Ал осыдан екі-үш жыл бұрын, барон Унгерн бұл төбеге атынан түспей шықты. Ат үстінде шіреніп тұрып, әскерлеріне бұйрық берді: «Атыңдар мына жабайылардың тас құдайын, — деді. Mac солдаттар жабылып жатып тасты атқылады. Содан бері біз шошынамыз. «Жабайылар»,—деді әлгі барон Унгерн. Құл-Тегіннің тасына түріктің сына жазуы жазылған кезде, сол Унгерннің елі екі қолда қанша саусақ бар екенін әлі санай да білмейтін. Құл-Тегін діңгегі — ежелгі түріктердің тас кітабы. Ежелгілер талай тас кітап қалдырған, бірсыпырасы анау Ене-Сайдың жартастарында әлі сақтаулы. Кім біледі, барон Унгерндер тағы шықса, ол кітаптар да жойылар. Бірақ Унгерндердің моласы да белгісіз қаларың олардың ескерткіші болып, тек қарғыс таңба қаларын есерлер біле ме екен?!»

Боз жусан осылай ызыңдайды. Жусан басымен қоса, ескек жел Рысқұловтың шашын да сипалайды.

Аспанда іртік бұлт қалықтап барады. Ақсұр бұлттардың арасынан қарауытып жалғыз қарақұс көрінеді. Қарақұс ұзақ жасайды. Бірақ қанша ұзақ жасағанмен, ол Құл-Тегіннің құрдасы емес. Құл-Тегіннен бері көп заман өтті. Ол сонда қаншасыншы ата? Мүмкін, Рысқұловтың отызыншы, әлде қырқыншы атасы шығар. «Сен әлі тумай тұрғанда кімге ұқсас едің?» Түркі дүниесінің тұлдырын тұтастырмақ болған Құл-Тегін бұдан он екі ғасыр бұрын өтіп кетіпті ғой.

— Бұл тасты тез арада қамқорлыққа алмаса болмас. Тарих алдында қылмыскер атанамыз, — деді Рысқұлов төрт қырлы ұзын тастың топырақ тұтқан жазуларын тырнағымен тазалап отырып. Ол көне түркі жазуын оқи алмайды. Ондай білімі жоқ. Бірақ шетелдік ғалымдар, бірер орыс оқымыстылары бұл жазуды көшіріп алып, зерттеп жатыр. Әлі бір тұтас тұжырымға келе алмаса да, Құл-Тегін деген кісінің кейінгілерге не айтқысы келгені нобаймен белгілі болған.

Түмен-Жырғал айтты:

— Сөзсіз қамқорлыққа алынады, жолдас Рысқұлов, — деді.

— Егер Еуропада мұндай баға жетпес тас кітап тұрмақ, сынық моншақ табылса да тәбәрік көріп, қанша шулар еді? Біз әлі самарқаумыз, — деп Рысқұлов өкініш айтты.

Бұлардың төбе басында ұзақ тұрып алғанына аңшы жігіттер тыпыршыды. Төменде қаңтарулы қалған төрт ат пысқырынып, шыдамсыздық танытқандай болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий